Тоқаев: Біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше, ретке келтіріп жатырмыз
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 11 сәуірінде Шымкент жұртшылығымен кездесуінде салық реформасы туралы бөлек айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Жаңа Салық кодексін әзірлеуге тапсырма берген кезде мейлінше түсінікті, тұрақты әрі әділ салық саясатына көшу жөнінде міндет қойғанын айтты.
"Шын мәнінде, біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше ретке келтіреміз. Қазіргі кодекс көп өзгеріске ұшыраған. Заңға тәуелді актілерге және жекелеген жағдайларда басқаша ереже қолданатын ерекшеліктерге толы. Кодекс оқып, түсінуге қиын құжатқа айналған. Соның салдарынан кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер оны әрқалай қабылдап, өз уәждерін алға тартады. Қаптаған жеңілдіктер мен салық режимдері кәсіпкерлердің бір бөлігіне артықшылық берсе, тағы бірі оған наразы. Ол да негізсіз емес." Мемлекет басшысы
Президенттің сөзінше, бастапқыда салық жеңілдігі экономиканың белгілі бір салалары мен бизнестің нақты санаттарын қолдау мақсатында енгізілген еді.
"Бірақ кәсіпкерлер жеңілдікті бас пайдасына жаратып, салықтан жалтарып, бизнестерін бөлшектей бастады. Мұндай жағдайға біз жол бере алмаймыз. Қазақстан жаппай офшор аймағына айналып кетпеуі керек. Мұның бәрі салықты басқару жүйесін күрделендіріп, салық жүктемесі әділетсіз бөлінетін жағдайға әкеп соқты. Қазір Парламентте мүлдем жаңа Салық кодексі қаралып жатыр." Қасым-Жомарт Тоқаев
Аталған құжат бизнестің де, мемлекеттің де мүддесін ескеріп, кәсіпкерлерді салықты дұрыс төлеуге ынталандыруға тиіс, – деп қадап айтты президент.
"Қосымша салық түсімдері даму бюджетін ұлғайтып, жаңа мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік береді. Ашық және тұрақты салық жүйесі еліміздің инвестициялық әлеуетін күшейтеді. Осының бәрі азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына, тұтас экономиканың өсіміне, яғни, түптеп келгенде, бизнестің дамуына өте тиімді әрі пайдалы болмақ. Әрине, осындай күрделі кезеңде бізге ең алдымен ауызбіршілік керек. Халқымызда "Ырыс ынтымақты елге барады" деген жақсы сөз бар. Ұйыса білген ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыру өте маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкентке келгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 18 сәуір 2025
Қазақстанның қауіпсіздік күштері ұшқышсыз басқару бойынша жарысқа түсті: үздіктер анықталды
-
12:13, 18 сәуір 2025
Қазақстанның қауіпсіздік күштері ұшқышсыз басқару бойынша жарысқа түсті: үздік агенттік аталды
-
12:01, 18 сәуір 2025
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді
-
11:52, 18 сәуір 2025
Қазақстанда күн күрт суытып, жаңбыр арты қарға ұласады
-
11:45, 18 сәуір 2025
Қостанай облысындағы жол учаскесі 28 сәуірден бастап ақылы түрге ауысады
Танымал жаңалықтар
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
13:59, 17 сәуір 2025
-
13:12, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025
-
12:49, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025