Тоқаев: Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келе жатқанын жақсы үрдіске балады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе, төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны бөлек.
Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы "Ұлттық киім күні" қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс.
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек", - деді Президент Бурабайдағы Ұлттық құрылтай жиынында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:17, 15 наурыз 2025
Кристина Силаева Норвегиядағы әлем чемпионатынба медальға бір қадам жетпей қалды
-
00:12, 15 наурыз 2025
Қазақстандық төртінші боксшы қыз Сербиядағы әлем чемпионатының финалына шықты
-
23:34, 14 наурыз 2025
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына өтті
-
23:25, 14 наурыз 2025
Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі
-
22:41, 14 наурыз 2025
Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды
Танымал жаңалықтар
-
09:25, 14 наурыз 2025
-
12:39, 14 наурыз 2025
-
12:11, 14 наурыз 2025
-
14:23, 14 наурыз 2025
-
14:59, 14 наурыз 2025
-
09:00, 14 наурыз 2025
-
19:11, 14 наурыз 2025
-
09:38, 14 наурыз 2025
-
13:04, 14 наурыз 2025
-
16:26, 14 наурыз 2025
-
16:35, 14 наурыз 2025
-
14:42, 14 наурыз 2025
-
19:55, 14 наурыз 2025
-
09:49, 14 наурыз 2025
-
09:59, 14 наурыз 2025