Антициклон Қазақстанға қандай ауа райын әкеледі
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге – 2025 жылдың 15 наурызы мен 17 наурызы аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша температуралық фон күтілуде:
- Республиканың батысында негізгі фон түнде +2+7°С, күндіз +12+20°С,
- солтүстік облыстарда түнде -1-10°С-тан -3-2°С-қа дейін, күндіз +1+6°С-тан +5+10°С-қа дейін,
- Республиканың шығысында түнде ауа температурасы -12-22°С-тан -5-12°С-қа дейін, күндіз -2°С +6°С-тан +1+8°С-қа дейін көтеріледі,
- Республиканың оңтүстігінде түнде негізгі фон +2+7°С, күндіз +13+18°С-тан +18+23°С-қа дейін көтеріледі,
- елдің оңтүстік-шығысында негізгі фон -2°С +3°С, тауларда -8-13°С, күндіз +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін көтеріледі.
"Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы жағдайына екі қарама-қарсы атмосфералық процесс әсер етеді, шығыс, орталық және солтүстік-шығыс аймақтарды қамтитын антициклон жауын-шашынсыз құрғақ және тұрақты ауа райын қалыптастырады", – делінген болжамда.
Бұл ретте, Гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, батыс, солтүстік және оңтүстік облыстар солтүстік-батыс циклонының шұңқырының ықпалында болады, бұл жауын-шашынға (жаңбыр мен қарға), желдің күшеюіне және көктайғақтардың пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көру мүмкіндігін азайтады.
"Күтілетін жауын-шашын, тұман және көктайғақ жол жағдайын қиындатуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау ұсынылады". "Қазгидромет" РМК
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:17, 15 наурыз 2025
Кристина Силаева Норвегиядағы әлем чемпионатынба медальға бір қадам жетпей қалды
-
00:12, 15 наурыз 2025
Қазақстандық төртінші боксшы қыз Сербиядағы әлем чемпионатының финалына шықты
-
23:34, 14 наурыз 2025
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына өтті
-
23:25, 14 наурыз 2025
Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі
-
22:41, 14 наурыз 2025
Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды
Танымал жаңалықтар
-
09:25, 14 наурыз 2025
-
12:39, 14 наурыз 2025
-
12:11, 14 наурыз 2025
-
09:00, 14 наурыз 2025
-
14:23, 14 наурыз 2025
-
09:38, 14 наурыз 2025
-
19:11, 14 наурыз 2025
-
14:59, 14 наурыз 2025
-
13:04, 14 наурыз 2025
-
09:49, 14 наурыз 2025
-
09:59, 14 наурыз 2025
-
16:26, 14 наурыз 2025
-
19:55, 14 наурыз 2025
-
14:42, 14 наурыз 2025
-
11:59, 14 наурыз 2025