Ақтөбеде пошташылар жалақыларын көтеруді талап етті
© Фото: Zakon.kz
65 мың теңге жалақымен жан бағу мүмкін бе. Осындай жалақы алып жүрген ақтөбелік пошташылар еңбекақыларының аздығына шағымданды. Айтуларынша, осы айда табыстары тіпті төмендеп кеткен.
Негізгі айлықтан бөлек келісім-шарт негізінде төленетін ақшалары да көп емес.
Пошташылар босқа жүрген жоқ. Олар күн сайын бірнеше шақырым жаяу жүріп, хат пен газет тасиды. Алайда, алатын ақшамыз еңбегімізге сай емес дейді. Штаттық және келісімшарт бойынша төленетін ақшаларын қосқанның өзінде 130 мыңға да жетпейді. Көбі бұл салада он бес-жиырма жылдан бері жүргендіктен, басқа қызметке ауысудың да оңай еместігін айтады, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл айда бізде 63 мың болып тұрғаны, ұстап қалып тұр ғой, әлеуметтік төлем деп, келісімшарттан ұстап қалып тұр. Бізде екі жақтан да медициналық сақтандыру ұстайды. Дәрігерге барып қаралып жатқан ештеңеміз жоқ. Не сырқатқа байланысты демалысқа шыға алмаймыз. Жиырма жыл болып қалды ғой, әлі күнге дейін демалысқа да шығып көрген жоқпын. Ардақ Әлиева, пошташы
Пошташыларға бір хатты жеткізгені үшін 85, ал, газетке бар болғаны 12 теңге ғана төленеді. Яғни, тиыннан теңге құрау үшін күн сайын шарқ ұрып, шақырымдарды жаяу жүріп өтеді.
Амалы таусылған қызметкерлер поштаның бас кеңсесіне келіп, жалақысын өсіруді талап етті. Мекеме басшысының айтуынша, қызметкерлерге өздерінің жүктемелеріне сай жалақы төленеді. Дегенмен пошташылармен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ асуға уәде берді.
Қазір біз соны қарастырып жатырмыз. Қазір нақты шешім қабылдағанша ештеңе айта алмаймын. Қанша хат, қанша газет апарады, біреулер 150,180 мың алатындары да бар.Адамның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Мысалы, біреулер екі сағатқа келеді жұмысқа. Біреулер күні бойы істейді, соған байланысты байланысты. Динара Хасанғалиева, "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының директоры
"Қазпоштаның" өңірлік филиалында 650 шамасында қызметкер бар. Оның елуден астамы келісім-шарт бойынша хат, газет тасумен айналысады.Басшылық олардың жүктемесін қайта қарауға уәде берді. Алайда жалақысы өсе ме, жоқ па әзірге белгісіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:17, 15 наурыз 2025
Кристина Силаева Норвегиядағы әлем чемпионатынба медальға бір қадам жетпей қалды
-
00:12, 15 наурыз 2025
Қазақстандық төртінші боксшы қыз Сербиядағы әлем чемпионатының финалына шықты
-
23:34, 14 наурыз 2025
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына өтті
-
23:25, 14 наурыз 2025
Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі
-
22:41, 14 наурыз 2025
Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды
Танымал жаңалықтар
-
09:25, 14 наурыз 2025
-
12:39, 14 наурыз 2025
-
12:11, 14 наурыз 2025
-
09:00, 14 наурыз 2025
-
14:23, 14 наурыз 2025
-
09:38, 14 наурыз 2025
-
19:11, 14 наурыз 2025
-
14:59, 14 наурыз 2025
-
13:04, 14 наурыз 2025
-
16:26, 14 наурыз 2025
-
19:55, 14 наурыз 2025
-
09:59, 14 наурыз 2025
-
09:49, 14 наурыз 2025
-
14:42, 14 наурыз 2025
-
16:35, 14 наурыз 2025