Тоқаев барша Қазақстан халқын Абай күнімен құттықтады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға өз құттықтауын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 10 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент бұл өңір Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке екенін баса атап өтті.
"Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді. Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық. Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 23 қыркүйек 2026
Бес пәтер, үш көлік және екі жер телімі тәркіленді: Қостанай облысында екі тұрғын сотталды
-
12:21, 23 қыркүйек 2026
Әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару қағидалары жаңартылды
-
12:11, 23 қыркүйек 2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты
-
12:03, 23 қыркүйек 2026
АҚШ Украина тарапынан америкалық кемелердің шабуылға ұшырауына алаңдады
-
11:54, 23 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай





