Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышта болды
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.
Айта кетсек, 9 қыркүйекте сағат 09:09-да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 10 қазан 2024
Азия чемпионаты: Қазақстанның ерлер құрамасы үстел теннисінен тарихи нәтижеге қол жеткізді
-
17:42, 10 қазан 2024
Тоқаев пен Бердімұхамедов екі ел арасындағы достықты нығайту туралы декларацияны қабылдады
-
17:19, 10 қазан 2024
Таразда жылына 38 миллион балапан шығаратын өндірістік инкубатор іске қосылды
-
17:13, 10 қазан 2024
Тоқаев Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
17:11, 10 қазан 2024
Әмір Омарханов: Алматыда турнирдің басталуын асыға күтемін