Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

15:02, 24 тамыз 2026
MKZ: 1563078

© Сурет: akorda.kz

Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлыққа 2026 жылғы 24 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Тимур Сүлейменов 2023 жылғы 4 қыркүйектен бері Қазақстан Ұлттық банкін басқарып келеді.

Мемлекет басшысының басқа да жарлықтарымен Ермек Сағымбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Дмитрий Малахов ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, ал Артур Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне қайта тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!