Таяу Шығыста қаза тапқан немесе зардап шеккен қазақстандықтар бар ма – СІМ мәлімдемесі
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 наурызда өткен брифингте Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытқа дейін қаза тапқан немесе зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ.
"Эвакуация басталғалы бері құзырлы мемлекеттік органдардың, әуе компанияларының, резидент және бейрезидент ұйымдардың көмегімен елге 8585-тен астам қазақстандық қайтарылды. Алдағы күндері Израильден – 78 азаматты, Катардан – шамамен 350 адамды, Біріккен Араб Әмірліктерінен – шамамен 550 адамды, Сауд Арабиясынан – шамамен 300 адамды эвакуациялау жоспарланып отыр", – деді Ерлан Жетібаев.
Оның сөзінше, бұл деректер өзгеруі мүмкін.
"Азаматтарды елге қайтару тек әуе рейстері арқылы ғана емес, сонымен қатар құрлықтағы шекаралар арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Олар Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы өтуде. Жалпы Ираннан 66 Қазақстан азаматы елге оралды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде жұмысты үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста", – деп толықтырды СІМ өкілі.
Сондай-ақ министрлік қазақстандықтарға Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің ресми хабарламаларын қадағалап отыруды сұрады.
Бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланғаны туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:38, 10 наурыз 2026
Нәресте өлімі, МӘМС, E-Densaulyq: Әлназарова Тоқаевқа не туралы есеп берді
-
17:38, 10 наурыз 2026
Тоқаев Әлназарованы қабылдады
-
17:35, 10 наурыз 2026
Қазақстандық жасөспірімдер шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионатында төрт рет үздік ондыққа енді
-
17:32, 10 наурыз 2026
Алматыда +18 градустан кейін қар жауып, аяз болады
-
17:32, 10 наурыз 2026
Алматыда +18°С-тен кейін қар жауып, аяз болады





