Таразда тапа-тал түсте болған қатыгез кісі өлтіру оқиғасы тұрғындарды дүр сілкіндірді
© Фото: pixabay
Тараздың орталығында 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оның кеудесіне пышақ сұққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған. Көптеген куәгердің айтуынша, белгісіз адамдар тобы жігітке бас салған. Оқиға санаулы секунд ішінде болған. Осыдан кейін шабуыл жасағандар қашып кетіп, жігіт жерде жатқан күйі қалған.
Оқиға куәгерлері оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда пышақ жарақаты тым ауыр болған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растаған.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Тағы бір қайғылы оқиға Өскеменде болды. Онда кафе келушісі әдепсіз әрекеті үшін өзіне ескерту жасаған 40 жастағы ер адамға өлімге әкелген жарақат салған. Кейін қаза тапқан адамның полиция қызметкері екені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 6 қазан 2026
Қазақстанның оңтүстігінде жүк пойызы 700 қойдан тұратын отарды қағып кетті: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
-
10:10, 6 қазан 2026
Анасының есірткіге тәуелділігінен тоғыз күндік сәби қайтыс болды
-
10:01, 6 қазан 2026
Өскеменде кафе келушісіне ескерту жасаған полиция қызметкері қаза тапты
-
09:52, 6 қазан 2026
«Бағдаршам жұмыс істемеген»: Астанада жаяу жүргіншіні Chevrolet Cobalt көлігі қағып кетті
-
09:43, 6 қазан 2026
Тегін тәтті мен арзан футболка: Атыраудағы сауда орталығында болған дүрлікпе Қазнетті дүр сілкіндірді





