Таразда биік мұнараға шығып, айғайлаған ер адам құтқарылды
© Сурет: Zakon.kz
17 мамырда кешке Тараз тұрғындары үрейлі оқиға куәсі болды. Ер адам телевизиялық мұнара басына шығып, айқайлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға сағат 21: 40-та қаланың 15 ықшам ауданында болған.
"Ер адам №60 үйдің артындағы мұнараға көтеріліп, секірмек болды. Оқиға орнына төрт құтқарушы мен техника жедел түрде аттанды", - деді Жамбыл өңірінің ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен басқа да құрылғылардың көмегімен ер адамды жерге аман-есен түсіріп, оны 103 қызметі өкілдеріне тапсырды.
Үрейі ұшып, биіктегі адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары ол аман-есен жерге түсірілгенде ТЖД қызметкерлеріне қол шапалақтап, құрмет көрсетті.
2025 жылы 11 мамырда Астанада "Қараөткел" көпірінен секірмек болған 32 жастағы ер адамды құтқарушылар аман алып қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 13 мамыр 2026
Қазақстандағы тұрғын үй нарығында бағаның өсуі күтілуі мүмкін – сарапшы пікірі
-
14:13, 13 мамыр 2026
Қазақстанда сайлау заңнамасы өзгереді: Мәжіліс түзетулерді мақұлдады
-
14:09, 13 мамыр 2026
Таиланд туристерге арналған визасыз режимді қатаңдатуы мүмкін
-
13:52, 13 мамыр 2026
Қазақстандық полицейлер Barbie Girl хитін «жаңаша» орындап, желіні шулатты
-
13:44, 13 мамыр 2026
Павлодарда алимент төлеуден жалтарған азамат ұсталды





