Талдықорғанда полиция 87 құқық бұзушылықтың жолын кесті
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты әрі жауапты міндеттерінің бірі.
Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қала көшелерінде қызмет атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде тоқтату бағытында жедел шаралар қабылдауда.
Тек бір түннің ішінде Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері 87 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Полицейлер заң талаптарын бұзудың кез келген түріне қатысты "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстануды жалғастыруда.
Көрсетілген кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 72 дерегі анықталды. Оның ішінде 15 өрескел құқық бұзушылық тіркеліп, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік басқарудың 3 фактісі анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың да көмегі зор.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен 6 құқық бұзушылық анықталса, "ҚОРҒАУ" автоматтандырылған жүйесі арқылы 8 өрескел құқық бұзушы анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Әрбір анықталған құқық бұзушылық – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, жолдар мен қоғамдық орындарда болуы мүмкін қауіп-қатерлер мен қайғылы оқиғалардың алдын алу.
Полиция азаматтарды заң талаптарын, жол қозғалысы ережелерін және қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:38, 19 маусым 2026
Балаларға әлеуметтік желіні шектейтін елдер көбейіп келеді
-
16:26, 19 маусым 2026
Астанада камералар көмегімен заңсыз қоқыс төгу фактісі анықталды
-
16:16, 19 маусым 2026
Азық-түлік бағасы ең қымбат елдер аталды: Қазақстан қай орында
-
16:09, 19 маусым 2026
«GPA көрсеткішін көтеріп беремін»: елордада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
-
15:58, 19 маусым 2026
Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен аптап ыстық қатар жүреді – ауа райы болжамы





