Тағын баласына босатып берген Қатардың бұрынғы әмірі дүниеден озды
© Фото: zakon.kz
1995 жылдан 2013 жылға дейін Қатарды басқарған бұрынғы мемлекет әмірі 75 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен Қатар Әмірінің кеңсесі бөлісті:
"Әмір кеңсесі ұлттың ұлы көшбасшысы, мәртебелі, қазіргі Әмірдің әкесі, шейх Хамад бин Халифа әл Танидың қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлайды. Бүгін таңертең, 2026 жылдың 12 шілдесінде 74 жасында қайтыс болған оны Алла өз панасына алсын".
1952 жылы туған Хамад бен Халифа әл Тани - Катардың жетінші әмірі және әл Тани әулетінен билікке келген үшінші адам. Ол басқа отбасы мүшелерінің қолдауымен 1995 жылы 27 маусымда мемлекет басына келген. Бұл кезде оның әкесі Халифа бин Хамад әл Тани Швейцарияда іссапарда болған. Содан кейін әкесі біраз жыл Францияда тұрып, 2004 жылы ғана Отанына оралды.
Әмір Хамадтың билік ету кезеңі Катардағы бірқатар реформалар мен модернизациямен де байланыстырылады. Ол билік еткен кезде елдің тұрақты Конституциясы қабылданды және "Қатардың 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясы" жасалды.
Оның билігі кезінде 2004 жылы 8 маусымда Қатардың алғашқы тұрақты Конституциясы қабылданды, ол 2005 жылы 9 маусымда күшіне енді.
2013 жылдың маусымында Хамад бин Халифа әл Тани Қатардың қазіргі басшысы, ұлы Тамим бен Хамад әл Таниға орнын босатып беріп, тақтан өз еркімен бас тартты.
Бұған дейін АҚШ-та Трампқа жақын сенаторлардың бірі қайтыс болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 12 шілде 2026
Алматыда жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен 10-қабаттан құлап кетті
-
15:59, 12 шілде 2026
«Конституция күні ауысып кетті». Қазақстан халқы тамыз айында қанша күн демалады
-
14:58, 12 шілде 2026
Иран Парсы шығанағы елдеріне тағы да әуеден шабуыл жасады
-
14:10, 12 шілде 2026
Табиғат аясындағы трагедия: Ақмола облысында екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті
-
13:14, 12 шілде 2026
Астанада өрт сөндірушілердің қоқыс полигонында тұтанған өртпен алысып жатқанына үшінші күн болды - видео





