Таеквондодан АҚШ-та өтетін Grand Prix Challenge турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
© Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрама сапына енген спортшылар:
- Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін);
- Бектөре Оралханов (58 келіге дейін);
- Газез Нұрбек (68 келіге дейін);
- Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін);
- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін);
- Рита Бәкішева (49 келіге дейін);
- Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін).
"Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде. Grand Prix Challenge - бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі", - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.
Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:35, 25 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеді
-
14:20, 25 маусым 2026
Президент қазақстандық телевизияның 106 жастағы аңыз тұлғасын ерекше атап өтті
-
14:04, 25 маусым 2026
Президент тапсырмасымен аймақ тілшілері баспаналы болады
-
14:02, 25 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-тың ағартушылық миссиясын атап өтті
-
13:59, 25 маусым 2026
Журналистер жалған ақпарат пен дипфейкке қарсы күресте маңызды рөл атқарады - президент





