«Сынап бағаны ақырындап көтеріледі». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қалың қар түскеннен кейін алдағы жеті күнде мегаполисте күндіз де, түнде де қатты аяз болады деп күтіледі. Жауын-шашын мен тұман болатыны да болжанады. "Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына осы демалыс күндері және қаңтардың келесі аптасына арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, алдағы жеті күнде оңтүстік астанада суық ауа райы сақталып, көктайғақ болады, тағы да қар жауады.
"Алматыда демалыс күндері қар жауады. Сенбі түнінен жауып басталған қар жексенбіде де өз жалғасын табады. Тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз -11...-15°С шегінде болады", – дейді "Қазгидромет" РМК өкілі.
Сондай-ақ, синоптик аптаның басынан ортасына дейін жауын-шашынсыз ауа райы болжанатынын, арасында қаланы тұман басып, көктайғаққа жол берілетінін айтады.
"Ауа температурасы түнде -15...-17°С-ден -8...-10°С-ге дейін, күндіз - 5...-7°С-ден -1...-3°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі", - дейді Дәулет Кісебаев.
Алматы бойынша 2026 жылғы 17-23 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы
- 17 қаңтар: аспан бұлтты, түнде қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -13...-15°С.
- 18 қаңтар: аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -11...-13°С.
- 19 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -5...-7°С.
- 20 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -3...-5°С.
- 21 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман болады. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -3...-5°С.
- 22 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -1...-3°С.
- 23 қаңтар: аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -2...-4°С.
Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі туындағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:14, 4 наурыз 2026
Мансап орталықтарының басшыларына қойылатын талаптар жаңартылды
-
10:02, 4 наурыз 2026
Алматыда қауіпсіздік талаптарын сақтамаған бардың қызметі тоқтатылды
-
09:57, 4 наурыз 2026
Қазақстандықтарды шұғыл эвакуациялау: Таяу Шығыс елдерінен жаңа рейстер ел әуежайларына келіп қонды
-
09:49, 4 наурыз 2026
Өскемендегі қару-жарақ дүкендері полицияның жедел басқару орталығына қосылады
-
09:37, 4 наурыз 2026
Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атанды





