Сұлулық байқауының жеңімпазынан тәж тартып алынды
© Сурет: pexels
"Әлем аруы – Вьетнам – 2026" байқауын ұйымдастырушылар келісім талаптарын бұзғаны үшін Нгуен Куинь Аньды жеңімпаз атағынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
VietnamNet басылымының мәліметінше, тәжден айыру туралы шешімді 2026 жылғы 18 қарашада байқаудың ұйымдастыру комитетінің басшысы Фам Зуй Кхань жариялаған. Бұған дейін модельге алты ай бойы жеңімпаз атағымен іс-шараларға қатысуға тыйым салынған. Алайда оған жағдайды түзетуге мүмкіндік берілген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Куинь Ань алдын ала келісімсіз бір іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ ол басқа бір басқарушы компанияның таныстырылымына барып, сол жерде эксклюзивті келісімшартқа қол қойылғаны жарияланған. Ұйымдастыру комитеті мұны өзара келісімді бұзу әрі байқаудың беделіне нұқсан келтіру деп бағалаған.
Ал ару бұған дейін психикалық денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын, демалып, емделу үшін үзіліс алуы қажет екенін айтқан. Сондай-ақ ол әзірге мансабын басқару жөніндегі келісімшартқа қол қоюға дайын емес екенін мәлімдеген.
Куинь Ань 2 қазанда Хайфон қаласында өткен байқауда 29 қатысушының арасынан озып, жеңімпаз атанған. Бұл оның байқаудағы екінші талпынысы еді. 2024 жылы ол "Әлем аруы – Вьетнам" байқауында бірінші вице-мисс атанған.
Ал Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуан қаласында "Әлем аруы" байқауының 75-маусымы өтіп жатыр. Онда қазақстандық ару сахнаға алтын бүркіттің алып қанатымен шығып, көрермендердің назарын аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:26, 24 қараша 2026
Жаяу жүргіншілер өте алады, көліктерге шектеу қойылады: 25 қарашадан бастап Қырғызстанмен шекарада не өзгереді
-
14:13, 24 қараша 2026
Қазақстанның 213 жерінде мобильді байланыс әлі де нашар
-
14:07, 24 қараша 2026
Шенеунік ересектерге арналған фильмдерге түскені үшін қызметінен айырылды
-
14:00, 24 қараша 2026
Қазақстан Еуропа мен Азияны жаңа интернет магистралі арқылы байланыстырады: жұмыс қашан аяқталады
-
13:55, 24 қараша 2026
Бір қателік ұйқысыз түнге себеп болуы мүмкін: кешкі аста неден бас тартқан жөн





