Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

09:35, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569001

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Стелла Суханова байдарка мен каноэде есуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында Суханова мәреге үшінші болып жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 59,688 секундта бағындырды.

Жарыста Қытай өкілі Ван Нань 1:55,999 нәтижесімен жеңіске жетті. Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Арина Танатмишева 1:57,769 нәтижесімен иеленді.

23 жастағы Суханова үшін бұл – қазіргі Азия ойындарындағы екінші жүлде. Бұған дейін ол 500 метрлік қашықтықтағы төрттік-байдарканың құрамында қола медаль жеңіп алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!