Соққыға жығылған шымкенттік әжей қыздарын кешірді

Шымкентте соққыға жығылған әже қыздарымен татуласты, енді зейнеткерге алимент төленетін болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы адвокат Еркін Каһаров Facebook парақшасында жазды.
Оның айтуынша, ол Шымкент қаласының Абай аудандық сотына зейнеткердің балаларынан алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.
Судья барлық процеске қатысушыларды медиация бөлмесіне шақырды. Қазы бітіспейтін сияқты көрінген тараптарды татуластырды, балалар аналарын құшақтап, бетіне сүйіп, қателіктерін мойындап, кешірім сұрады. Бір сөзбен айтқанда, талай медиация процесіне қатысып жүрмін ғой, бірақ осындай жақсы нәтижені бірінші көріп отырмын, - деп атап өтті құқық қорғаушы.
Сондай-ақ, ол әжейдің енді алимент алатындығын жеткізді.
Әрине, шымкенттік менталитет үшін бұл жағдай стандарттан тыс, бірақ соған қарамастан, бұл жағдайда бұдан артыққа үміт арту қиынға соқты. Жақындарыңызға қамқор болыңыздар, жақсы көріңіздер, бәрібір одан артық жақын адам таппайсыздар, ондай болмайды да, - деді Каһаров.
Әжейдің өміріндегі қиын жағдай туралы адвокат бірінші болып дабыл қақты. Оны өз қыздары мен күйеулер ұрып-соққан. Себебі - олар ешқайсысының қатысы жоқ қарашақыраққа таласып, оны бөліспек болған.
Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 3 наурыз 2021
Қазақстандықтарға Наурызды отбасы шеңберінде атап өтуге кеңес берілді
-
17:54, 3 наурыз 2021
Үш күнде 458 мұғалімге вакцина салынды
-
17:32, 3 наурыз 2021
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау қашаннан басталады
-
16:59, 3 наурыз 2021
Төрт оқушыны қаққан көлік жүргізушісі абақтыға қамалды
-
16:38, 3 наурыз 2021
Қапшағайда түбек сатылуда. Ертең мемлекетте, халықта не қалады?
Пікір