СҚО-да полицейлер жол ережелерін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондар қолдануда
© Сурет: ҚР ІІМ
Квадрокоптер немесе дрон деп аталатын ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық жағдайда бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде полицияның сенімді құралына айналуы мүмкін.
Ұшу аппаратының камерасы жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыдан қоғамдық орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері айқын көрінеді.
Бұдан бөлек, дронмен көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау және т.б. бұзушылықтар тіркеледі. Бұл бұзушылықтар жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті арттырады.
Қала сыртындағы жолдарда дрондар қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығуды, маневр жасау ережелерін, жарық шамдарын пайдалану ережелерін бұзуды және т.б. бұзушылықтарды анықтай алады. Тіркелген құқық бұзушылықтар жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі, одан кейін патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.
Полиция қызметіндегі заманауи техникалық құралдар – "Заң мен Тәртіп" қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Дронды пайдалану – айыппұлдар мен хаттамалар санын күшейтудің тәсілі емес екенін білу маңызды.
Басты міндет – көшелер мен жолдарды әр адам үшін қауіпсіз ету. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде байқауға және қайғылы жағдайларды болдырмауға, қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл адамдардың тыныш және жайлы өмір сүруіне тағы бір қадам.
Бұл жұмыс полиция мен прокуратураның тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 28 сәуір 2025
«Қар аралас жаңбыр жауады». Синоптиктер қай өңірлерде күн күрт суытатынын айтты
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
22:03, 28 сәуір 2025
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
-
21:48, 28 сәуір 2025
Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
-
21:34, 28 сәуір 2025
Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады
Танымал жаңалықтар
-
11:11, 28 сәуір 2025
-
11:43, 28 сәуір 2025
-
12:57, 28 сәуір 2025
-
09:36, 28 сәуір 2025
-
15:55, 28 сәуір 2025
-
11:29, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
13:18, 28 сәуір 2025
-
10:25, 28 сәуір 2025
-
12:25, 28 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025
-
16:03, 28 сәуір 2025
-
10:34, 28 сәуір 2025
-
09:58, 28 сәуір 2025