СҚО-да полицейлер заңсыз қайта жабдықталған автобустың жолын кесті
© Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жолаушыларға арналған орындықтардың орнына жатын орындар орнатылған рейстік автобусты "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
Тәртіп сақшылары көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтауға жол берілмейтінін және мұндай өзгерістер жолаушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.
Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған дерек Жезқазған — Петропавл автожолында жүргізілген тексеру кезінде тіркелді. "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы бес күн бойы өткізілді.
Осы уақыт аралығында полицейлер көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың алты фактісін анықтады. Оның екеуі автобус жүргізушілеріне қатысты болды.
Сонымен қатар техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін 35 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, олардың сегізі – автобус жүргізушілері. Жалпы іс-шара барысында жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 187 түрлі фактісі анықталды.
Полицейлердің айтуынша, мұндай тексерулердің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тасымалдаушылардың заң талаптарын сақтауын бақылау.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:19, 24 маусым 2026
Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын жариялады
-
16:10, 24 маусым 2026
Қазақстан қор биржасында доллар бағамы қайта өсті
-
15:40, 24 маусым 2026
Суперкомпьютер ӘЧ-2026 фавориттерінің рейтингін жаңартты
-
15:25, 24 маусым 2026
Бірнеше сағатта 50 құқық бұзушылық: Алматыда рейд нәтижесі жарияланды
-
15:11, 24 маусым 2026
Астанада университет қызметкері 18 талапкерді алдап, сотталды





