Суперкомпьютер ӘЧ-2026 фавориттерінің рейтингін жаңартты

15:40, 24 маусым 2026

© Сурет: Instagram/afaseleccion

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур ойындарынан кейін Opta суперкомпьютері турнир фавориттерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа болжамға сәйкес, қазіргі уақытта әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты үміткер – Аргентина құрамасы. Команданың чемпион атану ықтималдығы 15,6 пайыз деп бағаланған.

Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы екі матчында Алжирді 3:0, ал Аустрияны 2:0 есебімен жеңіп, рейтингтің көш басына көтерілді.

Бұған дейін көш бастап тұрған Франция құрамасы 15,1 пайыз көрсеткішпен екінші орынға түсті. Ал үздік үштікті 12,8 пайыздық мүмкіндікпен Испания құрамасы түйіндеп тұр.

Фавориттер тізімінде бұдан кейін Англия (10,6%), Германия (6,6%), Португалия (5,3%), Норвегия (5,2%), Бразилия (5%), Нидерланд (4,3%) және АҚШ (4%) құрамалары орналасқан.

Әлем чемпионатының топтық кезеңі тағы төрт күннен кейін аяқталады. Осыдан кейін 32 құрама плей-офф кезеңінде турнирдің алтын жүлдесі үшін күресті жалғастырады.

Айта кетейік, Opta суперкомпьютері 18 маусымда жариялаған алдыңғы рейтингте Франция құрамасы бірінші орында тұрған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!