Синоптиктер еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер бүгін, 2025 жылдың 9 қарашасында Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың 9 қарашасында Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған", делінген синоптикалық болжамда.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Мұндай жағдайда қала тұрғындары, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында жүру уақытын күрт қысқартуы тиіс. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыр немесе аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін бірге ала жүруі керек.
Бұған дейін Астанада және еліміздің 13 өңірінде қар, жел және көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жасалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:37, 13 желтоқсан 2025
БҚО-да есірткі сататын интернет-дүкеннің ұйымдастырушысы ұсталды
-
11:12, 13 желтоқсан 2025
Алматыда жыл басынан бері 600 есірткі қылмысы анықталды
-
10:48, 13 желтоқсан 2025
Қарағандыда электронды темекілердің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
-
10:12, 13 желтоқсан 2025
Алматыда қайтадан қар жауып, күн суытады: бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
09:33, 13 желтоқсан 2025
Алматыда қайтадан ауа сапасы нашарлайды





