Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
© Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 25, 26 және 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осыған байланысты көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, сондай-ақ шаңды дауыл болуы мүмкін.
Күшті жауын-шашын:
- 25 маусымда – елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде;
- 25-26 маусымда – шығыс өңірлерде;
- 26-27 маусымда – батыс және солтүстік-батыс аймақтарда күтіледі.
Сонымен қатар елдің солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерінде аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +23...+28 градусқа дейін төмендейді.
Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Бұған Түрікменстан астанасы Ашхабад маңынан келетін құрғақ әрі жылы ауа массалары себеп болмақ.
Синоптиктердің болжамынша, бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін көтеріледі. Ал жекелеген аудандарда аптап ыстық +40...+42 градусқа жетуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 85 жыл бойы сақталған температуралық рекордтың жаңарғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 24 маусым 2026
Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды
-
13:19, 24 маусым 2026
СҚО-да 22 жастағы жігіт әкесін соққыға жығып, видеосын әлеуметтік желіге жариялаған
-
13:06, 24 маусым 2026
Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысты күдіктілер ұсталды
-
12:57, 24 маусым 2026
Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
12:44, 24 маусым 2026
Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды





