Шымкенттегі бір адамның өмірін жалмаған өрт: полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте 17 желтоқсан күні таңғы сағат 05:47 шамасында жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жау 100 шаршы метр тұрғын үйді шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar дерегінше, қызыл жалыннан зардап шеккен үйдің үш тұрғыны, оның ішінде бір нәресте ауруханаға жатқызылды.
"2000 жылы туған, 2001 жылы туған, 2024 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды", — делінген полиция хабарламасында.
Нақтыланғандай, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бұған дейін БҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен қыздың 7 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін ен далада табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:41, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан мен Гвинея президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды
-
14:26, 18 желтоқсан 2024
Алматыда 2025 жылы екі жаңа BRT желісі салынады
-
13:55, 18 желтоқсан 2024
Алматыдағы ауаның негізгі ластану көзі қандай
-
13:46, 18 желтоқсан 2024
Алматыдағы «Сайран» автовокзалы коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін
-
13:38, 18 желтоқсан 2024
Атырауда полицейлер 14 рет мал ұрлаған күдіктіні қолға түсірді