Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

19:10, 8 қазан 2024

© Фото: zakon.kz

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды. Мамандардың сөзінше қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ.

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3-қазан күні Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні сағат 13:50-де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келген.

Айта кетейік, бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі. Алып сәбиге туыстары Тауекел деген есім берген.

Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы, дейді аурухана дәрігерлері.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!