Шымкентте бір келі салмақпен дүниеге келген сәбидің жүрегіне күрделі ота жасалды
© Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Шымкент перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер "ашық артериялық өзек" (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.
Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.
Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті.
Операцияны Шымкент балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 6 маусым 2026
Алматыдағы түнгі клубтарға жаппай тексеру жүргізілді: қандай мекемелер заң бұзды
-
17:15, 6 маусым 2026
Қазақстандық бір сағатқа үйінен шығып кетіп, барлық жинағынан айырылды
-
16:56, 6 маусым 2026
Қазақстанда 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар рейтингі жарияланды
-
15:50, 6 маусым 2026
7 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:12, 6 маусым 2026
Алматыда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа тәртібі талқыланды





