Шымкент әкімдігі өңірде қарақұрттың көп таралуына байланысты мәлімдеме жасады
© Сурет: gov.kz
Шымкент қаласының әкімдігі 2025 жылғы 16 мамырда қала тұрғындарына қарақұрттардың шабулына тап болмас үшін қай жерлерде сақ болу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шымкентте қарақұрттар адамдарға шабуылдай бастады" деген ақпаратты жергілікті билік жоққа шығарды.
"Қазіргі таңда қарақұрттардың шағу жағдайы қала ішінде тіркелген жоқ, олар көбінесе таулы аймақтарға (маевкаға) шығу кезінде орын алуда. Зардап шеккендер қаладағы медициналық мекемелерге жүгінеді", – делінген түсініктемеде.
Санитарлық қызметтің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Шымкент қаласының ішінде қарақұрттың шағу жағдайлары тіркелмеген. Егер өрмекшінің шағуы қала ішінде орын алса, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет оқиға орнын анықтап, қажетті өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Еске салсақ, былтыр бір Атырау облысының өзінде маусым-шілде айларында 485 бас түйе малын қарақұрт шағып, салдарынан 90 бас шығын болды. Симптоматикалық емдеу шаралары нәтижесінде 306 бас жануар сауығып, 89 бас малға әлі де емдеу жүргізілуде. Өлген мал иелеріне 65 млн 211,2 мың теңге шығын келтірілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:11, 4 наурыз 2026
ШҚО-да жол талғамайтын көліктің өзі қарға батып, жолда қалған
-
20:55, 4 наурыз 2026
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда - ААК
-
20:41, 4 наурыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Бейсенбіде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
19:58, 4 наурыз 2026
Әлемдегі жетекші әуе компаниялардың бірі Дубайға қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
-
19:43, 4 наурыз 2026
Шымкентте қызметтік көлікті теуіп, полицейді бетінен ұрған жасөспірім сотталды





