Шығыс Қазақстанда 300 мың теңге айлыққа мал бағатын шопан жоқ

11:54, 29 қазан 2020
75

Шығыстағы фермерлердің тығырыққа тірелгені сонша шетелден бақташы іздеуге кіріскен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер қанша жоғары жалақы берсек те, жалдамалы жұмысшы болуға ешкімнің келіскісі жоқ деп налиды.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының иесі Жеңісбек Кәрібаевтың бес мыңнан астам қойы бар. Оны небәрі үш-ақ шопан бағып жүр екен. Фермердің сөзінше, өңірде мал бағатын адам тапшы. Ал жастар бақташылыққа қызықпайды, дейді. Салдарынан қой шаруашылығы тығырыққа тірелуде.

Жеңісбек Кәрібаев, шаруа қожалығының иесі:

2120 малшы жоқ! 10 малшы керек 10 табынға, 3 ақ адамға жайдырып отырмыз. Менің ғана мәселем емес! Күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Осыны қалай шешеміз? Тіпті анау Пәкістан, Ауғанстаннан, дальний зарубежден маман алдырайық!

Шаруа қожалық иелері жастарға 300 мың теңге жалақы төлеуге дайын. Тіпті айына бір рет сыйақы ретінде 1 қой береміз дейді. Бірақ оған да ешкім келіспеген.

Құмар Молданбаев, мал дәрігері:

Қазіргі жастар мал бағуға қызығушылық танытпайды. Бұл мал шаруашылығына мал дәрігерлері де жастар қызығушылығы көрсетпейді. Өйткені кішкене қызықтыратын ештене жоқ па деймін. Осы шаруашылықта 210 мың айына. 30 күнге оның үсітіне 1 бас қой сыйақы ретінде беріледі.

Былтыр бақташы таппай әбден қиналған қожалық иесі Қырғызстаннан шопан алдыртыпты. Бірақ пандемия салдарынан әлгі жалдамалы жұмысшылар биыл елге жете алмай әуре-сарсаңға түскен.

Жеңісбек Кәрібаев, шаруа қожалығының иесі:

Қазір маман жоқ! Табу үшін ауданда жоқ, облыста жоқ! Басқа Аягөзде Алматыдан, былтыр Қырғыздың 7 азаматы болды. Биыл осы мына наурыз айынан бері карантинге байланысты кісілер келе алмай отыр. Дәл қазір мал бағатын адам тапшы. Бір кадрдың жестпеушілігі бәріне қолбайлау болып отыр.

Ал, облыстық ауылшарушалығы басқармасы жастарды бұл кәсіпке қызықтыру үшін малшының мәртбесін көтеріп қана қоймай, оларға жағдай жасау керек, дейді.

Владимир Гайламазян, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Жалпы қой шаруашылығының мәртебесіне көтеру керек. Сондай ақ, мал өсірумен айналысықы келетін кез келген азаматқа жерді өз иелігіне, яғни жекеменшікке берген дұрыс. Одан бөлек мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер болса ғана жастардың қызығушылығы болады деп ойлаймын.

Мал бағу оңай жұмыс емес екені анық. Бірақ онымен айналысатын адам үшін барлық жағдай жасауға дайынбыз, дейді қожалық иелері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір