Швейцарияда ғалымдар топырақ сапасын анықтау үшін 2 мың іш киімді жерге көмді
© Фото: Agroscope
Ғалымдар Швейцарияның әртүрлі аймақтарына 2 мың жұп іш киімді көміп, екі айдан кейін қайта қазып алған. Зерттеу барысында іш киімдердің қаншалықты ыдырағаны арқылы топырақтың сапасы мен биологиялық белсенділігі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Wionews басылымының мәліметінше, Жердегі топырақтың қоректік заттарының едәуір бөлігі жоғалып бара жатқанын көрсету үшін ғалымдар осындай ерекше тәжірибе жүргізген.
Зерттеушілер Швейцарияның әр түкпіріндегі бақтар мен көгалдарға 2 мың жұп іш киім көмген. Екі айдан кейін оларды қайта қазып алған. Кейбір іш киімдердің матасы түгелге жуық ыдырап кеткен, ал кейбірінде бір-екі ғана тесік пайда болған.
Нақтырақ айтқанда, зерттеу бес жыл бұрын жүргізіліп, оған 1000 ерікті қатысқан. Олар Швейцарияның әртүрлі аймақтарына іш киіммен қатар 12 мың шай қалташасын да көмген.
Цюрих университетінің ғалымдары тесігі жоқ іш киім топырақта қоректік заттардың жеткіліксіз екенін көрсетуі мүмкін екенін айтты.
"Топырақ тез тозып барады. Бұл азық-түлік өндірісіне, биоалуантүрлілікке және жер жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіреді", – деп жазды зерттеушілер.
Швейцарияда биологиялық белсенділіктің ең төмен деңгейі көгалдарда, егістік алқаптарында және шабындықтарда байқалған. Үйлер мен ғимараттардың айналасындағы бір ғана шөп түрі өсірілетін аумақтарда топырақтың құнарлылығы төмен болған.
Ал жеке бақтарда органикалық заттарды ыдырататын микроорганизмдер – құрттар, саңырауқұлақтар, бактериялар және басқа да ағзалар ең белсенді болған. Сонымен қатар мұндай жерлерде органикалық көміртек пен қоректік заттардың мөлшері жоғары болған. Ғалымдар мұны жеке бақтардың жақсы күтіліп, тыңайтқыштармен қоректендірілетінімен байланыстырады.
Жеке бақтарда өсірілген мақтадан жасалған іш киімдердің шамамен 58 пайызы екі ай ішінде ыдыраған. Ал көгалдарда бұл көрсеткіш 40 пайыз болған. Бұл барлық зерттелген аумақтар арасындағы ең төмен көрсеткіш.
Топырақ адамзат тұтынатын азық-түліктің 95 пайызын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол Жердегі көміртектің ең ірі екінші қоймасы саналады. Алайда топырақ сапасы нашарлаған сайын қоғамға қауіп төнуі мүмкін.
Ғалымдар топырақ құнарлылығының жоғары болуы әрдайым оның жақсы күйде екенін білдірмейтінін ескертті. Жеке бақтардағы фосфор, азот және калийдің жоғары мөлшері тыңайтқыштардың қолданылғанын көрсеткен.
Фосфор деңгейінің шамадан тыс жоғары болуы су ресурстары мен жергілікті биоалуантүрлілікке қауіп төндіреді. "Іш киім индексі" топырақтың құнарлы екенін көрсеткенімен, бұл оның әрдайым жақсы жағдайда екенін білдірмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:51, 3 қыркүйек 2026
Ағайынды альпинистер 7 мың метр биіктікте шешім қабылдауды жасанды интеллектке сеніп тапсырған
-
14:46, 3 қыркүйек 2026
Ғалымдар Күндегі қуатты жарқылдар төмендеудің орнына күшейіп жатқанын анықтады
-
14:40, 3 қыркүйек 2026
Қазақстанда мектеп директорлары мен мұғалімдерді тағайындау ережелері өзгерді
-
14:36, 3 қыркүйек 2026
Қылмыстық топ атақты футболшы Килиан Мбаппені ұрлауды жоспарлаған
-
14:29, 3 қыркүйек 2026
Путин жолбарыспен кездескенін айтып берді





