Шөкеев биыл Арыста қанша баланың бірінші сыныпқа баратынын айтты

11:49, 13 тамыз 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үкімет отырысындағы селекторлық кеңесте Арыс мектептерінің оқу жылына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Арыс қаласында биыл бірінші сыныпқа 1418 бала барады, - деді ол.

Әкімнің сөзінше, Арыстағы жарылыстан 16 мектеп пен балабақша зардап шекті.

- Шатырлар, терезелер мен есіктер, сондай-ақ спорттық нысандар қирады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылған. Сіздің тапсырмаңыз бойынша "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының қаржыландыруымен 450 млн теңгеге мектептерге жиһаз алуды жоспарлап отырмыз, – атап өтті Шөкеев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!