ШҚО-дағы Тарбағатай тауы тарихи ескерткіштерге толы
Шығыс Қазақстандағы қойнауы қазынаға толы Тарбағатай тауының бөктері қаншама тарих сырын бүгіп жатыр. Мұнда мыңжылдықтар ізі петроглифтер, ғұн, үйсін, сақ дәуірінің ескерткіштері бар.
Әзірге жергілікті тұрғындар мен әуесқой этнографтар көне жәдігерлерді суретке түсіріп, зерттеп жатыр. Ал үржарлықтар: «Маңызды дүниелерді археологтар мен тарихшылар зерттесе екен», – дейді.
Таскескен–Бақты тас жолынан 5 шақырымда жатқан мына алқапта көргенді таңқалдыратын дүние көп. Көпшіліктің көз жауын алатын мына алып тасты жұрт Тасбақатау атап кеткен.
Бекембай Аққақалақов, әуесқой этнограф:
-Бұл біреу қолмен қашап, әсемдеп жасаған тас емес. Бұл табиғат өзі тудырған, табиғи тас жаратылысы. Алла Тағала өзі жаратып қойған. Бағдарлап қараған кісіге бірде тасбақа жоғары өрлеп барады, ал келесі кезде тасбақа төмен құлдилап келе жатыр.
Асықтың табаны, бүркіт, шөккен түйе дейсіз бе, тіпті ежелдегі динозаврларға ұқсас тастар жетерлік. Тасбақатауының маңайындағы сай-сала, кезең-кезеңді аралайтын болсаңыз, бұл жерде 100-ден астам түрлі мүсінді кезіктіруге болады. Тіпті көне дәуірлерге тиесілі мынандай таңбалы тастар да бар. Былайша айтқанда ашық аспан астындағы музей деуге толық негіз бар.
Петроглифтер немесе таңбалы тастарды тарихшылар бірнеше кезеңге бөледі. Егер жан-жануарлар бейнесі көп болса, ол жоғарғы палеолит дәуіріне, яғни 20 мың жыл бұрынғы алғашқы қауым ескерткішіне жатқызылады екен. Бұл жердегі тастарда негізінен бұғы, марал, тауешкі суреттері көп.
Бекембай Аққақалақов, әуесқой этнограф:
-Шоқаннан кейін біздің Тарбағатай өңірінің географиялық картасы түспеген. Содан кейін тоқтап қалған. Біз соны жалғастырушылар қатарындамыз. Тарбағатайдың оңтүстік, солтүстік, теріскей, күнгей жағын түгел суретке түсіріп, зерттеп, келешекте кітап болып шығуға тиіс деп ойлаймын.
Осыдан бірнеше жыл бұрын тас жол құрылысы кезінде осы маңнан «Үржар ханшайымының» сүйегі табылды. Оны зерттеушілер біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларға, ерте темір заманының соңына тиесілі екенін айтқан. Ащыөзек жотасындағы Найманқала қорғанын Шоқан Уәлиханов Құлжаға сапары кезінде картаға түсіріп, терең зерттеу жасағаны тарихтан белгілі. Тарбағатай өлкесі зерттей түссең, талай құпиясын ашатыны анық.
Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





