ШҚО-да ақтүтек боран соғып тұр
© Фото: Zakon.kz
Еліміздің шығысында да өткен түннен бері ақтүтек боран соғып тұр.
Таңнан бері өңірдегі автокөлік жолдарының көбі жабық. Ал таулы аудандарда қазір қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп қалды. Алайда оған қарамастан жолға шығып кетіп қар құрсауында қалғандар бар.
Еліміздің шығысында өткен аптаның соңында борансыз ақ ұлпа қар жауа бастаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Алтай, Қатонқарағай, Үлкен Нарын және Марқакөл, аудандарында әлі жауып тұр. Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс істесе де қалың қарды шығарып үлгермей жатыр.
Ал бүгін таң ата боран соқты. Кейбір аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетті. Өскемен-Тарғын-Самар тас жолы және Өскемен-Алматы бағыты жабылды.
Сондай-ақ Өскемен-Шемонаиха арқылы Ресейге шығатын жолға да шектеу қойылды.
Бірақ оған қарамастан жолға шығып қар құрсауында қалған екі жүк көлігіне төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары көмекке барды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:22, 22 қаңтар 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 22 қаңтардағы валюта бағамы
-
11:10, 22 қаңтар 2025
Перуде журналистке оқ жаудырды, ал марқұмның екі танысын жарып жібермек болды
-
10:58, 22 қаңтар 2025
18-ші баласын босанған әйел мүгедек болып қалды
-
10:49, 22 қаңтар 2025
Астанада СОБР қызметкерлерін ұрып кетті
-
10:36, 22 қаңтар 2025
Әзірбайжанның бұрынғы Әділет министрі комаға түсіп қалды