Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандар саны 10 адамға жетті
© Фото: Zakon.kz
Талғарда кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 15 қазанында өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов журналистерге оныншы сынып оқушысы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іске 10 адамның қатысы бар екенін айтты.
"Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Олардың барлығы кәмелетке толғандар. Ұсталғандар арасында бұрын бұзақылық үшін сотталғандар да бар. Тағы екеуі істің орбитасында, бірақ олар әлі ұсталған жоқ. Біз басқа бейнелерді зерттеп, егер заң бұзушылықтар анықталса, олар да жазаланады". Бауыржан Әленов
Бауыржан Әленов күдіктілердің "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысы бар-жоғына қатысты түсініктеме берді.
"Қылмыстық іс бойынша: екеуі — ипподром қызметкері, екіншісі — күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді, яғни олардың ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы тексеріліп жатыр. Бірақ бізде "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық топ жоқ, Талғарда ондай аймақ бар, бірақ олардың еш қатысы жоқ". Бауыржан Әленов
Сондай-ақ, ІІМ өкілі Талғардағы жанжал бойынша бұзақылық, қорқыту, кісі өлтіру және қылмыс туралы хабарламау бойынша түрлі қылмыстық істер қозғалғанын түсіндірді.
4 қазан күні Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жараланған. Кейін марқұмның туыстары барлық кінәлілерді тауып, жазалауды сұрады. 12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кеткен. Осы оқиғадан кейін бірден оқиға орнында жедел штаб құрылып, отбасы қорғауға алынды.
В Талгар в тот же день прибыл первый заместитель министра внутренних дел Бауржан Аленов и прокурор Алматинской области Берик Адамов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті