Шарап бөшкесіне түсіп кеткен зейнеткер өлім аузынан аман қалды

13:50, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568196

© Сурет: magnific

Испанияда шарапқа арналған үлкен ыдысқа түсіп, одан шыға алмай қалған 73 жастағы ер адамды құтқарушылар шығарып алды. Ер адам улы булардан тұншығып, суға батып кету қаупіне тап болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Europa Press мәліметінше, оқиға Астуриядағы Карседо-де-Ломес ауылында болған. Испаниялық ер адам шаруашылық жұмыстары үшін шарап құйылатын ыдысқа түскен, алайда одан қайта шыға алмай қалған.

Жалғыз қалған әрі улы булардан тұншыға бастаған ер адам жедел қызметке қоңырау шалуға үлгерген. Көмекке келген көршісі оның басын шарап суслосының бетінен жоғары ұстап, суға батып кетуіне жол бермеген.

"Кангас-дель-Нарсеа қаласынан келген өрт сөндірушілер зардап шеккен адамды ыдыстың жоғарғы бөлігіндегі тар саңылау арқылы шығара алмады. Ер адамды эвакуациялау үшін құтқарушылар үлкен ыдысты көлденеңінен жатқызуға мәжбүр болды", – делінген хабарламада.

Құтқару операциясы шамамен жарты сағатқа созылды. Сағат 21:36-да зейнеткер ыдыстан аман-есен шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!