Сенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Сурет: pixabay
13 желтоқсан күні еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады: кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 13 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Орал қ: 13 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Тұман көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Атырау қ: 13 желтоқсанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 13 желтоқсанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 13 желтоқсанда күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 13 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.
Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 13 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 13 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:45, 12 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды
-
21:13, 12 желтоқсан 2025
Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
-
20:53, 12 желтоқсан 2025
«Атқа байлап, далада сүйреген». Жетісу облысының әкімі Айзат Жұманованың ісі туралы пікір білдірді
-
20:10, 12 желтоқсан 2025
Қызылорда облысында өзгеден 10 мың АҚШ долларын бопсалаған екі тұрғын ұсталды
-
19:50, 12 желтоқсан 2025
Қарағандылық кәсіпкер тұрғындардан 786 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған





