Сенаттың бұрынғы депутаты Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды

09:22, 26 қыркүйек 2026
MKZ: 1569002

© Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылғы 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1993 жылы Маңғыстау облыстық Кеден басқармасының "Баутино" кеден бекетінде инспектор қызметінен бастаған.

Әр жылдары банк саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарды.

2008-2010 жылдары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ активтерді басқару департаментінің директоры, кейін басқарушы директоры – корпоративтік хатшысы болды.

2010-2019 жылдары "Отырар Энерджи" ЖШС және "Адай" ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы" АҚ басқарма төрағасы болды.

2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болды.

Еске салайық, бұған дейін Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!