Семейде оқ-дәрімен ұсталған діни ағым жақтаушысы сотталды

09:55, 20 сәуір 2021

© Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Семей қаласының теміржол вокзалы ғимаратында тексеру кезінде оқ-дәрілерді сақтады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов хабарлады.

Тексеру барысында көлік полицейлерімен одан 9 мм калибрлі 29 дана патрондарды табылып, тәркіленді.

Е.Әлімов құқықбұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен, яғни, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының жүргізілгенін айтты.

Сондай-ақ, тергеу кезінде ұсталған азаматтың деструктивті діни ағымдардың бірінің жақтаушысы екендігі және қандай да бір діни ұстанымдар мен қағидаттарға қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет жауапқа тартылғандығы анықталды, - деді полиция полковнигі.

"Семей қаласының №2 сотының үкімімен ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді", - деп толықтырды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!