«Семей орманындағы» өрт: Экология министрі жалынның тұтанғаны жайлы кім хабарламағанын айтты

14:22, 15 сәуір 2025

© Фото: akorda.kz

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2025 жылғы 15 сәуірде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "Семей орманы" резерватындағы кезекті өртке кінәлілерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Павлодар және Абай облыстарындағы биылғы табиғи өрттерді сөндіру кезінде алгоритмнің орындалмағаны жайлы айтқанын атап өтті. Олар бұл жағдайға кім жауап беретінін сұрады.

"Өзара әрекеттесу алгоритмдеріне сәйкес уақтылы хабарландыруға әсер еткен маңызды фактордың бірі – бұл кәсіпорынға жаңа басшылықтың келуі. Бүгінде өрт қорытындысы бойынша, әсіресе Семейде бұл анық байқалды, ТЖМ-мен бірлесіп, біз бұл жағдайды толықтай тексеріп шықтық. Алдағы күндері бұл жұмысты аяқтап, "Семей орманы" кәсіпорнының Морозов филиалындағы өрт туралы уақтылы хабарламаған жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдаймыз. Баянауыл бойынша – бұл жер қиын қолжетімсіз аумақта орналасқан, сондықтан жету біраз уақытты алды. Бірақ онда қорқатындай дәнеңе жоқ: 20 гектар – ормансыз аумақ. Бұл биылғы жылғы алғашқы өрт, сірә, адамдар босаңсып қалған болар. Тағы да қайталаймын: бұл факт толықтай зерттелді, біз тиісті шараларды қабылдаймыз", – деп сендірді министр.

Оның айтуынша, өрт туралы Морозов филиалының директоры хабарлаған жоқ.

"Онда әзірге датчиктер жоқ. Биыл бюджеттен "Семей орманына" ерте анықтау жүйесін енгізуге 3,1 млрд теңге бөлінді – 600 мың га аумақта, яғни кәсіпорын аумағының шамамен 90%-ы осы жүйемен қамтылады. Біз бұл жүйені 2025 жылдың мамырының соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әзірге бәрі қолмен басқарылады – бақылау мұнаралары және тағы басқа", – деп қорытындылады Экология министрлігінің басшысы.

Бұған дейін жерде бір тәулікке созылатын магниттік дауыл жүретіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!