Сейсмолог Алматы мен облыстағы жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады
© Фото: wikimedia
2024 жылдың 5 қарашасында Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда және Алматы облысында болған жер сілкінісінен кейін Қазақстан халқына видеоүндеу жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары үшін сезімталдық 3-4 баллды құрады. Бұл сейсмикалық оқиға республикамыздың жоғары сейсмикалық аймағы үшін табиғи фондық процесс болып табылады.Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз", – деді Дәулет Сәрсенбаев.
2024 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысында жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулерін ең көп Талғар мен Есік (4 балл) тұрғындары сезген. Алматыда жер сілкінісінің болжамды күші 3 баллды құрады.
Кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жағдай туралы айтты. Ал әлеуметтік желілерде жер сілкінісі фонында Талғардағы бақылау камераларының дүбірі мен дірілін түсірген видеолар пайда болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 5 қараша 2024
Парижде Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
-
16:12, 5 қараша 2024
Ақтаудағы аялдамалардың бірі адамдардың үстіне құлады: зардап шеккендер бар
-
16:05, 5 қараша 2024
Қазақстанда орман қоры учаскелерінде cексеуіл кесуге тыйым салынды
-
15:52, 5 қараша 2024
5 қарашадағы саудада доллар аздап арзандады
-
15:41, 5 қараша 2024
Алматыда жаңбыр мен қар: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтті