Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.
Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:00, 24 желтоқсан 2024
Қазақстандық биатлоншылар IBU кубогында ТОП-10 қатарына енді
-
18:33, 24 желтоқсан 2024
Қазақстандық жас теннисші Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
-
17:51, 24 желтоқсан 2024
Черчесов Қазақстан футбол федерациясы бас бапкері қызметінен кетпейді
-
17:10, 24 желтоқсан 2024
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
-
14:55, 22 желтоқсан 2024
Хоккейден Қазақстанның жастар командасы канадалықтарды ойсырата ұтты