Сарапшы теңгені кезең-кезеңімен девальвацияға ұшыратуды ұсынды. Бұл ретте Үкімет не дейді
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Экономикалық саясат институтының директоры, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков Ұлттық құрылтайдың V-отырысының пленарлық сессиясында теңгені девальвациялауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, теңгені кезең-кезеңімен ақырындап құнсыздандыру ұлттық экспортты ынталандыруға сеп бола алады.
"11 айдың қорытындысы бойынша бізде экспорт көлемі 4,2%-ға қысарды, ал импорт, керісінше 4,5%-ға өсті. Біз өз дәлелдерімізді алға тартуға дайынбыз. Кезең-кезеңімен ақырындап девальвация жасауға жағдайлар туындап отыр. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша біздің тапшылығымыз 7 млрд долларды құрады. Біз ЕАЭО-да инфляция бойынша көшбасшы болып табыламыз", - деді Арыстанбеков.
Сарапшының ұсынысына премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.
"Біз девальвация жайын мүлдем сөз етіп, талқылаған емеспіз. Өйткені біз бұл жайттардың барлығын бастан өткердік. Экспортты дамытпай, мәселе шешімі жоқ, бұл тек ақша бағамы айырмашылығына байланысты емес. Бұл - экспорттаушыларға қаржылық көмек. Ал экспорттың мәселесі өңдеудің түп-тамырында жатыр, мәселен бәсекелестік артықшылықтарыңызды қалай пайдаланатыныңызға байланысты. Егер біз ақша бағамы тізгінін босатып жіберетін болсақ, экспорттаушылар жақсы болады, бірақ импорттаушылар мұндайда қиналады ғой, мен қарапайым экономика жайын айтып отырмын. Бұл қарапайым азаматтарға қиын болатынын білдіреді. Онда табыс алшақтығы одан сайын артады. Бұл популистік дүниеге көбірек келеді", - деді Жұманғарин.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтай отырысына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті





