Сақтандырылмағандар ем алмайды. Оларды дәрігер қабылдамай ма?

14:16, 12 қараша 2020
879

"Дәрігерлер қабылдамай жатыр". Осындай шағым көп қазір ел арасында. Ақ халаттылар емханаларға тексерілу үшін барғандарды осылай кері қайтарып жатқан көрінеді. Біз бұған не себеп деп сұрасақ, қабылданбағандардың барлығы Міндетті әлеуметтік медициналық жүйесінде тіркелмегендер болып шықты. Сонда енді қазақстандықтар сақтандыру қорында болмаса, кеңес алып, емделе алмай ма? Нақты қанша адам осындай қиындыққа тап болған? Мамандар не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жыл басынан бері енгізілгенімен, нақты 4 ай бұрын іске қосылды. Бірақ осы 4 айда медицинадағы бұл жағашылдық пен азаматтар арасында талай түсінеспестік болып жатыр. Мамандар, шенеуніктер осындай дүңгіршектерді де қойды осы жүйені ұғыну үшін. Бірақ, өкінішке қарай, жүйе аясында шағым толастар емес.

Қазақстандықтардың денсаулығына кепіл болады деген бастама енгізілгелі бері Медициналық сақтандыру қорына 3 мыңнан астам шағым келіп түскен. Тағы 328 арыз "медициналық сақтандыруы" жоқтығынан дәрігерлер қабылдауына кіре алмағандардан түскен. Дәурен Исмаиловты да тиісті деңгейде маман көмегіне қол жеткізбе алмапты.

Дәурен Исмаилов, қала тұрғыны:

Келсем, "сіз сақтандырылмағансыз" дейді. Мен түсінбей қалдым. Бұған дейін осыған мән бермеппін. Өзім кәсіпкермін. Жұмысым көп. Не істеймін енді? Сақтандыру жүйесіне қосылдым.

Дәрігерлер де қаңтарда енген "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" тіркелмеген азаматтардың көптігін жасырмайды. Олардың біраз айқай-шу шығарады, дейді.

Диляр Юлдашев, қалалық №4 аурузананың дәрігер-сарапшысы:

Иә, әрине ондай пациенттер бар. Сақтандыру туралы білмейді. Оны айтсаң, айқайлап, ұрысатындар да бар. Бірақ оларды тынышталған соң, цифрлық бөлімше мен ақпарат дүңгіршегіне жібереміз. Сондай-ақ ондай адамдарға "Qolday24" бағдарламасы, әлеуметтік желілердеге чат-боттарға жібереміз.

Жарна демекші, егер де сіз тиісті ем алам десеңіз, мемлекеттік қорға ақша төлеуіңіз керек. Ал, жұмыс істесеңіз сіздің басшылығыңыз ай сайын жарна аударып тұруы тиіс. Бұл туралы бұған дейін де айтылды. Ал, егер ұмытып қалсаңыз, жоғарыда айтылған "Qolday24" немесе "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" сайттарынан анықтай аласыз.

Елде екі медициналық көмек пакеті бар. Біріншісі – Міндетті әлеуметтік медициналық қоры. Оның аясына бағасы қымбат оталалар , сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды қызметтер кіреді. Сондай-ақ бұл пакетте МРТ, компьютерлік томография, ПТР талдамада тегін жасалады. Сондай-ақ, сырқатқа шалдыққанда түрлі көмек көрсетіледі. Ал, екінші пакет – Кепілдендірілген тегін медициналық көмекті деп аталады. Бұл пакетте дәрігер шұғыл жағдайларда көмектесуі міндетті. Демек, жедел жәрдем, санитарлық авиация, бірқатар созылмалы ауруларды бақылау тиіс. Бірақ пациент учаскелік дәрігерінен талдама тапсыруға, не қымбат тексерулерге жолдама ала алмайды".

Тағы да еске салайық, сіздің жоғарыда атаған жарнаны төлемегеніңіз анықталса, дәрігерлер көмегіне құқылысыз. Мұны жауапты мамандар да растап отыр .

Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу департаменті басшысы:

Бәрібір де қандай да болмасын жағдайлармен төлемей, осы сақтандыру жүйесін төлемей қалған жағдайлар болса, олар біздің Кепілдендірілген тегін медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Ол жерде тек қана жедел-жәрдем ғана емес, учаскелік дәрігерге қаралып, соның бағыты бойынша қызметтер ала алады.

Бірақ ол мүмкіндіктен айырылып қалмас үшін ай сайынғы төлемді үзбеу керек екен.

Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу департаменті басшысы:

Бұл жерде үзіліс болмау керек. Міндетті түрде 3 ай қатарынан төлеу керек, медициналық қызметке жүгіну керек болса.

Бүгінде сақтандыру жүйесіне 15 миллион 800 мың адам тіркелген. 11 миллионы мемлекет өзі қаржыландырып отыр. Демек, олар әлеуметтің осал 15 тобына жататындар. Дәлірек айтсақ, балалар, бала күтімі бойынша демалыстағылар, зейнеткерлер және тағысын тағы. 5 миллион азаматқа ай сайынға жарнаны жұмыс беруші төлейді. Тағы 1,5 2 миллион адам түрлі себептермен өзі, я басшылығы ақша аудармайды екен. Демек, нақты осы топтағылар "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан" көмек күтпесе болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!