Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

21:03, 27 мамыр 2026

© Сурет: j48tennis

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракекасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос"-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисші Юлия Стародубцевамен кездесіп, күтпеген жерден үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңілді.

Осылайша, Елена турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтаса, қарсыласы жарыстың үшінші айналымына өтті.

Еске салайық, "Ролан Гаррос" турниріндегі алғашқы матчында Рыбакина словениялық Вероника Эрьявецті сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен ұтқан еді.

Рыбакинаның "Ролан Гарростағы" мансабындағы ең үздік нәтижесі — ширек финал. Ол бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!