Ақтөбе облысында полицейлер аязды түнде жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті
© Фото: pexels
11 наурызға қараған түні ауа температурасы –25 градусқа дейін төмендеген кезде Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті.
Қарабұтақ ауылының маңында полицейлер жол жиегінде тұрған жолаушылар автобусын байқаған. Аталған автобус Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған.
Қолайсыз ауа райы мен қатты аяз салдарынан көлік қозғалысын жалғастыра алмаған. Автобус салонында 34 шетел азаматы болған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға қажетті көмек көрсетті. Аязда ұзақ уақыт қалып қоймауы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар уақытша кемпингке жеткізіліп, орналастырылды.
Онда жолаушыларға жылынып, демалып, ауа райы жақсарғанша күтуге мүмкіндік жасалды. Медициналық көмекке жүгіну деректері тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта жағдай полиция қызметкерлерінің бақылауында. Ауа райы тұрақталғаннан кейін жолаушылар өз сапарларын жалғастыра алады. Полиция департаменті жүргізушілерге қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертеді.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтар 102 немесе 112 нөмірлері арқылы полицияға хабарласа алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:15, 11 наурыз 2026
Шымбұлақта ресейлік сноубордшы жолдан шығып, жыраға құлап кетті – құтқару сәті видеоға түсті
-
13:07, 11 наурыз 2026
Алматыда суррогат ана ақысын ала алмай жүр
-
12:52, 11 наурыз 2026
Ғылым және жоғары білім министрінің «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау: өзгерістер енгізілді
-
12:46, 11 наурыз 2026
Марста сирек минерал табылды
-
12:31, 11 наурыз 2026
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма: Конституциялық сот мәселені қарайды





