Рыбакина Джоковичтің экс-бапкерімен жаңа маусымға дайындықты бастады

16:24, 16 желтоқсан 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина командасымен бірге Дубайда (БАӘ) жаңа маусымға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакинаның физиотерапевті Стефан Дюэль әлеуметтік желіде оның өз командасымен, жаңа бапкер Горан Иванишевичпен бірге түскен суретін жариялады.

"2025 жылға дайындалып жатырмыз", - деп жазды Дюэль.

Биыл Иванишевич сербиялық теннисші, "Үлкен дулыға" турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен жұмысын тоқтатты. Олар бес жылдан астам бірге жұмыс істеді.

2024 жылы Елена Рыбакина үш титул (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт, барлығы WTA 500 санатындағы турнир) жеңіп алды және екі жарыстың финаоында ойнады. Рыбакина биыл Уимблдонның жартылай финалына шықты, бұл - оның 2024 жылғы "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі ең жақсы нәтижесі. Елена WTA – 2024 финалдық турнирінде жартылай финалға шыға алмады, бірақ соңғы матчта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!