Рыбакина бір аптаға Қазақстанға келеді
© Сурет: ktf.kz
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына келіп, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір апталық сапары аясында Рыбакина балаларға шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесін бөліседі және жанкүйерлерімен кездеседі.
Сонымен қатар спортшы Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы турнирде алған Ахилл сіңірінің жарақатына байланысты медициналық тексеруден өтеді.
Дәл осы жарақаттың салдарынан Елена аталған турнирдің ширек финалдық кездесуіне қатысудан бас тартуға мәжбүр болған еді. Аяғындағы жарақат US Open-2026 турнирі кезінде де қазақстандық теннисшіні мазалауын жалғастырды. Алайда Елена жарақатына қарамастан, турнирдің шешуші матчтарын ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен өткізіп, чемпиондық титулды жеңіп алды.
Бұған дейін Рыбакина Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінің чемпионы титулдарын жеңіп алған. АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі арқылы ол Қазақстан қоржынына жекелей сында үшінші "Үлкен дулыға" жүлдесін әкеліп, еліміздің атын әлемдік теннис тарихына жазды.
Жаттықтырушылар штабының мәліметінше, Рыбакинаның емделуі мен толық қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды. Алдағы уақытта Еленаның басты мақсаты – денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығу процесіне оралу.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:40, 19 қыркүйек 2026
Қарағанды облысында SIM-box арқылы алаяқтық қоңыраулар жасаған 24 адам сотталды
-
11:23, 19 қыркүйек 2026
19 қыркүйекте Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
10:31, 19 қыркүйек 2026
Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген
-
09:56, 19 қыркүйек 2026
«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады
-
09:11, 19 қыркүйек 2026
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарында алғашқы матчын өткізді





