«Роскосмос» Непалдағы Трисули өзенінің қалай өзгергенін көрсетті

13:27, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1564969

© Сурет: Роскосмос

"Роскосмосқа" тиесілі "Ресурс-П" спутнигі Непалдағы Трисули өзенін қатты су тасқынына дейін және кейін суретке түсірді. Суреттер шамамен 500 км биіктіктен түсірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Непалда су тасқыны 2 тамыз күні таңертең басталды. Табиғи апат салдарынан 1 100-ден астам адам зардап шекті.

Спутниктен түсірілген кадрлар су тасқыны басталғанға дейінгі және одан кейінгі өзен арнасы мен оған жақын аумақтың жағдайын салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ табиғи апаттың әсерінен Трисули өзенінің қаншалықты өзгергенін көруге болады.

Бұған дейін Непал мен Қытайда болған алапат су тасқынынан кейін 3 мыңнан астам адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!