Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға қайтадан тыйым салынды

15:05, 24 желтоқсан 2024

© Сурет: wikimedia

Ресей мұсылмандарының діни басқармасы (ДУМ) көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаны алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 24 желтоқсанда Ресей мұсылмандар діни басқармасының ғұламалар кеңесінің төрағасы Шамиль Аляутдинов өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша пәтуа Бас прокуратура мен ресейліктердің наразалықтарынан кейін алынып тасталды.

"Бұл – Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды",- деп жазды ол.

Еске салсақ, 4 күн бұрын, 20 желтоқсанда Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға рұқсат етілгені туралы жазған едік. Ондағы міндетті шарт – күйеуінің барлық әйелдерге әділ және тең қатынасы екені айтылған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!