Референдум-2026: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 наурызда, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтетін күні, Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталықтың мәліметінше, референдум өтетін күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған мәліметтер, манипуляциялық әрі арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін.
Мұндай ақпараттық шабуылдар көптеген елдерде сайлау және дауыс беру кезінде жиі тіркеледі. Олардың мақсаты — дауыс беру процесіне деген сенімсіздікті ояту және болып жатқан оқиғалар туралы теріс түсінік қалыптастыру. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы
Ең жиі кездесетін жалған мәліметтер мыналар туралы болуы мүмкін: жекелеген учаскелердің "жабылуы" немесе "ашылмауы"; сиясы өшіп қалатын қаламдар қолданылды, "бақылаушылардың жіберілмеуі" немесе "журналистердің шығарылуы"; "бюллетеньдердің жаппай тасталуы"; "азаматтарды дауыс беруге мәжбүрлеу" немесе "сайлаушыларды ұйымдасқан түрде тасымалдау"; "бюллетень толы қаптар", "алдын ала толтырылған жәшіктер" немесе "бос учаскелер"; "интернеттің бұғатталуы" немесе "электр қуатының өшірілуі".
Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеде кездесетін мынадай ақпараттық арандатулардың болуы ықтимал:
- мемлекеттік органдардың атынан жасалған жалған скриншоттарды, құжаттарды, кестелер мен хабарламаларды тарату;
- арандатушылық сауалнамалар, жалған экзит-полдар және учаскелердегі "төтенше жағдайлар" туралы хабарламалар;
- "Заң бұзушылық дәлелі" ретінде көрсету үшін учаске қызметкерлерімен әдейі ұйымдастырылған қақтығыстар. Мысалы, "дауыс берушілер тізіміне енгізбеу" секілді жағдайлар;
- мессенджерлердегі эмоционалды хабарламалардың жаппай таратылуы, әлеуметтік желілердегі боттар мен пікір жазу толқындары.
Мұндай материалдарда көбінесе ескі бейнероликтер мен фотосуреттер, басқа елдердегі оқиғалар, түсірілген уақыты мен орны белгісіз үзінділер және анонимді аккаунттардың жазбалары пайдаланылады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы
Қазіргі технологиялар монтаж немесе өте "шынайы" көрінетін жасанды сурет, аудио және видео контент жасау мүмкіндігі де бар екенін есте сақтаңыз.
Расталмаған ақпаратты таратпаңыз! Тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніңіз. Күмән тудыратын материалдарды байқасаңыз, Орталықтың чат-ботына (@AntiFakeCenterBot) жолдауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз дауыс беру күні тыныш әрі сенімді жағдайды сақтауға көмектеседі. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:04, 15 наурыз 2026
Еліміздегі 116 жастағы ең қарт тұрғын дауыс берді
-
13:51, 15 наурыз 2026
Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
-
13:46, 15 наурыз 2026
БҚО-да референдумға қатысушы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған
-
13:30, 15 наурыз 2026
ҚР ІІМ: референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты әрі тыныш
-
13:19, 15 наурыз 2026
Референдум барысында шағым түскен жоқ – ҚР Бас прокуратурасы





