Путинцева US Open 2017 чемпионын жеңіп, Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты

17:43, 10 мамыр 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Юлия Путинцева (41 WTA) Римде топырақ төсенішінде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық теннисші Слоан Стивенсті (35 WTA) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Жеке кездесулердегі есеп бойынша Юлия алға шықты – 4:3.

31 жастағы америкалық теннисші 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті.

Енді Путинцева турнирдің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!