Президент ЖИ-мен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс екенін айтты
© Фото: pixabay
2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.
"Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық. Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады",- деді ол.
Оның ойынша, жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.
"Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады. Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде "Qazaq Digital Mektebi" атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді". Мемлекет басшысы
Сонндай-ақ, ол елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар екенін айтты.
"Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек",- деп қорытындылады президент.
Бұған дейін президенттің дрондарды жүк тасымалына пайдалануды тапсырғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 15 шілде 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: нөсер жаңбыр мен +46 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі
-
11:48, 15 шілде 2026
15 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
11:32, 15 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
-
11:24, 15 шілде 2026
Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім
-
11:14, 15 шілде 2026
Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгереді





